Мессидің жаңа шаш үлгісі Ким Чен Ынмен салыстырылуда

Мессидің жаңа шаш үлгісі Ким Чен Ынмен салыстырылуда

Каталондық «Барселона» командасының жанкүйерлері Лионель Мессидің жаңа шаш үлгісін Корей Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ынға ұқсатып отыр. Бұл туралы Sudinfo.be порталы хабарлауда.

5 тамыз күні футболшы команданың жаттығуына жаңа шаш үлгісінде келген. Аргентиналық сұрмерген құлағының төңірегін тақырлап алып, төбе бөлігін өсіңкі қалдырған. Ал мұндай шаш қию өткен ғасырдың 60 жылдары сәнге де айналған екен. Кей жанкүйерлер әлеуметтік желілеріне Солтүстік Корея басшысы мен Мессидің суреттерінен коллаж жасап салып та жатыр. Ал аталған портал болса Ким Чен Ын билігі мен саясаты Месси көңілінен шығады деп жазған.

«Барселона» сұрмергені соңғы рет шаш қию үлгісін өткен жылдың шілде айында өзгерткен екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: lenta.ru

О. Сансызбай