Бразилиялықтар Ибрагимовичті Әлем чемпионатына шақырды

Париждік «ПСЖ» мен Швеция ұлттық құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимовичті танымал бразилиялық тұлғалар Әлем чемпионатын келіп тамашалауға шақырды.

Жақында ғана Франция чемпионатының екінші жыл қатарынан үздік ойыншысы болып танылған Ибра ұлттық құрамасымен «мундиаль» жолдамасын иелене алмаған-ды. Португалиямен соңғы бір мүмкіндікті сарапқа салған Швеция қос кездесу қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңілді. Ал дәл сол ойыннан кейін Златан «менсіз әлем чемпионаты қызық өтпейді, жанкүйерлер керемет голдардың куәсі болмайтын болды» деп жалпақ әлемге жар салды. Осыны ескеріп, құрамында Дани Альвес, Рональдо және Бебето сынды әйгілі футболшылар бар бір топ бразилиялық швециялық сұрмергенді әлем чемпионатына шақырды.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/UH5INa7pun0","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-xl.org

Ибрагимович: "Бразилия Роналдуды емес, мені көбірек көргісі келеді"

Ибрагимович: "Мен Роналдуға қол соққан жоқпын"

Ибрагимович: "Гвардиола - қорқақ, ол еркек емес!"

Ибрагимович: «Мені әйелмен салыстырмаңдар!»