Ең көп жалақы алатын бапкер мен футболшы анықталды

"France Football" басылымының санағы бойынша лондондық "Челсидің" бас бапкері Жозе Моуринью әлемдегі ең көп жалақы алатын жаттықтырушы екен.

Португалдық маманның жылдық табысы 17 миллион еуроны құраған. Ал 15 миллион еуромен тізімнің екінші сатысына мюнхендік "Бавария" клубының бапкері Хосеп Гвардиола орналасқан болса, тиісінше түркиялық "Галатасарай" клубын жаттықтыратын Роберто Манчини үздік үштікті қорытындылапты (14 миллион).

Әлемдегі ең көп жалақы алатын бапкерлер:

1. Жозе Моуринью («Реал», «Челси») – 17 миллион еуро

2. Хосеп Гвардиола («Бавария») – 15

3. Роберто Манчини («Галатасарай») – 14

4. Карло Анчелотти (ПСЖ, «Реал») – 13.5

5. Фабио Капелло (сборная России) – 12

6. Марчелло Липпи («Гуанчжоу») – 11.5

7. Арсен Венгер («Арсенал») – 9.6

8. Роберто Ди Маттео (жұмыссыз) – 8.2

9. Андре Виллаш-Боаш («Тоттенхэм») – 6.9

10. Рафаэль Бенитес («Челси», «Наполи») – 6.8

Францияның атақты спорт басылымы ең көп жалақы алатын аяқдопшылардың да тізімін жария қылды. Аргентина құрамасы мен "Барселона" командасының көшбасшысы Лионель Мессидің жылдық табысы 41 миллион еуроны құрап, рейтингті бастап тұр. Екінші орында одан 2 миллион еуро аз тапқан португалдық Криштиану Роналду орналасқан. Үштікті тағы бір каталондық клубтың ойыншысы Неймар қорытындылап отыр. Оның табысы 24 миллион еуроны құрапты.

Әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшылар:

1. Лионель Месси («Барселона») – 41 миллион еуро

2. Криштиану Роналду («Реал») – 39

3. Неймар («Барселона») – 29

4. Уэйн Руни («Манчестер Юнайтед») - 24

5. Златан Ибрагимович (ПСЖ) -23.5

6. Радамель Фалькао («Монако») – 21.2

7. Серхио Агуэро («Манчестер Сити») – 19.7

8. Тиаго Силва (ПСЖ) - 17

9. Эден Азар («Челси») – 16.8  

10. Франк Рибери («Бавария») – 16.5

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: barcamania.com