Иско "Реал" ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды

Иско "Реал" ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды

3 маусым күні «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Малагадан» 24 миллион евро сатып алынған мадридтік «Реалдың» жаңа ойыншысы - Исконы таныстыру кеші өтті.

«Бірінші кезекте, Флорентино Переске және команда жанкүйерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Кез келген футболшы үшін «Реал» сапында өнер көрсетуден басқа артық еш нәрсе жоқ. «Корольдік клуб» жанкүйерлерін өз ойыныммен қуантуға тырысамын», - деді Иско таныстыру кешінде.

Осыдан соң «Реал» президенті Флорентино Перес футболшыға 23 нөмірлі жаңа жейдені табыс етті. Айта кетсек, «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм дәл осы нөмірмен өнер көрсеткен болатын.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: footballtop.ru

Ж. FM