Испания құрамасы Италияны пенальтиден жеңіп, финалға шықты
![Испания құрамасы Италияны пенальтиден жеңіп, финалға шықты](/userdata/news/news_11660/photo.jpg)
Конфедерация Кубогінің екінші жартылай финалдық кездесуінде Испания құрамасы итальяндық футболшыларынан басым түсті. Соңғы Әлем және Еуропа чемпиондары өз қарсыластарын матч соңында болған сериялық пенальти арқылы жеңді (7:6).
Кездесудің негізгі уақытысы 0:0 есебімен аяқталды. Сериялық пенальтиде мүлт кеткен жалғыз ойыншы - Италия құрамасының футболшысы Леонардо Бонуччи.
Айта кетсек, енді финалда Испания құрлықаралық жарыстың иелеріне қарсы ойнайтын болады. Бразилия 27 күні уругвайлықтарды 2:1 есебімен жеңген еді. Конфедерация Кубогінің финалы 30 маусым күні өтеді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: eurosport.ru
Ж. FM