Видео: ҰБТ-дан 125 балл жинаған түлек Массагет сайтына сұхбат берді

Видео: ҰБТ-дан 125 балл жинаған түлек Массагет сайтына сұхбат берді

Талапты еңбектің оң нәтижесі болары анық. Қарапайым жанұяның тұңғышы Әбдіжапар Айғаным тынымсыз еңбегінің арқасында ҰБТ-дан ең жоғары нәтижеге жетіп отыр. Massaget.kz танымдық порталының шығармашылық тобы еліміздің ең озат оқушысынан сұхбат алып қайтты.

Алматы қаласы 178 лицей-интернатының озат оқушысының мектептегі сабағынан тыс би өнеріне де қызығушылығы бар екен. Дегенмен, артық қызықтарға уақыт бөлмей, жыл бойы Ұлттық Тестілеуге дайындығын күшейтіпті.

«Ең бастысы мықтап дайындалу керек. Өзгеше сұрақтар кездессе де, ұстаздарыммен бірге дайындалған кітаптар аясында келгендіктен, еш қиындықсыз толық жауап жаза алдым. Маған терең білім берген ұстаздарыма, мектебіміздің ұжымына және үнемі қолдау білдіріп отырған ата-анам мен сыныптас достарыма өз алғысымды білдіремін», - дейді болашақ студент.

Сонымен қатар, Айғаным өзінен кейінгі лекте тапсыратын оқушыларды тек өз біліміне сеніп кіруге шақырды. Себебі қосалқы құралдарды қолданудың еш мүмкіндіктері де, пайдасы да жоқ екен.

Ол әзірге құжаттарын қай ЖОО-на тапсыру туралы нақты шешім қабылдамапты. Дегенмен, осы Алматы қаласындағы университеттердің бірінде жоғары білімін жалғастыратынын айта кетті. 

 

Дайындағандар: Еркебұлан Сатқанбаев, Мейіржан Әуелхан, Жолдас Өрісбаев

Сурет, видео: ©Massaget.kz

Ж. Өрісбай