ҰБТ-ның бірінші күнінде 13 талапкер аудиториядан шығарылды

ҰБТ-ның бірінші күнінде 13 талапкер аудиториядан шығарылды

Биылғы Ұлттық Бірыңғай тестіні тапсыру кезінде тәртіп бұзғаны үшін 13 талапкер аудиториядан шығарылды, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Сынақ тапсырушылардан 5 962 ұялы телефон, 1 783 шпаргалка, 121 калькулятор, 6 фотоаппарат, 2 рация табылған. 

Әзірге ең жоғары көрсеткіш – 125 балл 178-ші лицейдің түлегі, алматылық Әбдіжапар Айғанымның еншісінде. "Алтын белгі" иегері, 121 балл жинаған Алматыдағы 178-ші лицейдің түлегі Жанболат Тимур Massaget.kz тілшісіне "биылғы ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен физика пәнінен сұрақтардың өзгеріп келгенін" айтты. Бірақ "біліп тұрсаң, қорқатын ештеңе жоқ" деп қосты ол. 

Жолдаған: Олжас Болатбекұлы

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: Massaget.kz

Р. Роза