ҰБТ. Калькуляторсыз тез есептеу тәсілдері – 2

ҰБТ. Калькуляторсыз тез есептеу тәсілдері – 2

Армысыздар массагет сайтының оқырмандары. Бүгін мен сіздерге ойша оңай есептеудің тағы бірнеше әдістерін ұсынамын. Осыған дейін көрсеткен әдістерімді мына жерден оқи аласыздар.

1. Кез келген санды «5» санына бөлу.

Мысалы:  79/5=?

1) Ол үшін 79 санын 2-ге көбейтеміз.

2) Шыққан сан 158-ді 10-ға бөлеміз.

79/5 = (79*2)/10 = 15,8

Естеріңізге сала кетейін, санды 10-ға ойша бөлу үшін бөліндінің соңғы цифрынан бір үтір кейін жылжытсақ жеткілікті. Мысалы: 143/10= 14,3

ап

2. Санды 25-ке бөлу.

Мысалы: 65/25=?

1) Ең алдымен 65 санын 4-ке көбейтеміз.

2) Көбейтіндіден шыққан санды 100-ге бөлеміз.

65/25 = (65*4)/100 = 2,6

Санды 4-ке көбейту

Мысалы: 72*4=?

Санды 4-ке көбейту үшін берілген санды 2-ге көбейтіп, шыққан санды тағы да 2-ге көбейту қажет.

72*4 = 72*2*2= 288

Жолдаған: Мақпал Бисембаева

сурет: fonwall.ru, ehu.lt

Е. Қайрахан