ҰБТ. Калькуляторсыз тез есептеу тәсілдері

ҰБТ. Калькуляторсыз тез есептеу тәсілдері

ҰБТ кезінде, күнделікті тұрмыста немесе қарапайым математика сабағында кейбір амалдарды ойша есептеу қиындық тудырады. Әдетте, біз ондай кезде ойланбастан калькуляторға қарай жүгіреміз. Сондықтан бүгін сіздерге ешқандай құралсыз математикалық есептеулерді жеңілдететін бірнеше әдісті ұсынамын.

1.     Екі таңбалы санды 11-ге көбейту

11 санын екі таңбалы санға көбейткен кезде шешімнің үш цифрдан (???) болатыны белгілі.

Яғни: 81*11=???

Одан бөлек мына бір қулықтарды білу керек:

1) Бірінші цифр негізі санның алғашқы цифрымен сәйкес келеді (81); 

2) Ортадағы цифр негізгі санның  цифрларының қосындысына тең болады (8+1);

3) Үшінші цифр негізгі санның сонғы цифрымен сәйкес келеді (81).

Сонымен:

8*11=??? --> 8 (8+1) 1 --> 891

Жауабы: 81*11=891

Кей жағдаларда ортасындағы, яғни жақша ішіндегі сан екі цифрдан тұруы мүмкін. Ондай жағайда сол жақша ішіндегі санның соңғы цифрын есімізде сақтап қаламыз да, біріншісін алғашқы жақша сыртындағы цифрға қосамыз.

Мысалы: 78*11=???

7 (7+8) 8 -->7 (15) 8-->  (7+1) 5 8 --> 858

Жауабы: 78*11=858

t

2.     Санды 5-ке көбейту

Кей жағдайда кездейсоқ бір санды 5-ке көбейткенде ойланып қаламыз. Кез келген санды 5-ке оңай көбейту үшін сол санды 10-ға көбейтіп, оны 2-ге бөлу керек.

Мысалы: 49*5=?

1) 49*10=490

2) 490/2=245

Жауабы: 49*5=245

3.     Соңы 5-пен аяқталатын сандарды квадраттау

Мысалы: 35*35=?

1) «35» санының алғашқы цифрын сол цифрдың 1-ге қосындысына көбейтеміз. Яғни, 3*(3+1)=12

2) Осы шыққан санның соңына барлық жағдайда 25 санын жалғаймыз. 1225

Жауабы: 35*35=1225

Жолдаған: Мақпал Бисембаева

сурет: www.mobilmusic.ru

Е. Қайрахан