- Негізгі бет
- ҰБТ 2014
- ҰБТ-дан кімдер босатылады?...
ҰБТ-дан кімдер босатылады?
ҰБТ-ны барлық оқушы тапсырғысы келеді. Себебі, бұл – арманыңыздағы ЖОО-на түсуге берілетін мүмкіндік. Екінші жағынан, барлық оқушының ҰБТ тапсырғысы келмейді. Себебі, ол – өте қиын. Осы тұста "қалай ҰБТ тапсырмай, ЖОО-на түсуге болады?" деген сауалға жауап іздеуге кірісеміз.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары, жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады».
Яғни, ҰБТ-дан босату үшін міндетті түрде халықаралық сайысқа қатысқан сертификаты немесе жүлделі орынға ие болған дипломы, оқу үлгерімі туралы табелі қажет. Түлектер мектепте дәстүрлі емтихан тапсырады. Түлекке емтихандар мен табельдеріндегі бағаға сәйкес балл қойылған сертификат беріледі. Ол осы құжат негізінде жоғары оқу орнына түсуге ниет білдіреді. Ал олимпиада мен сайыста жүлделі орынға ие болған түлектер қатысқан пәні таңдаған мамандығына сәйкес болса, конкурстан тыс жоғары оқу орнына қабылданады. Жоғарыда аталған Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген олимпиада мен сайыстарға қатысқан мектеп түлектері Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша ҰБТ-дан босатылады.
Сонымен қатар, "Болашақ" бағдарламасымен емес, жеке өзіңіз (мемлекеттің қатысуынсыз, қаржыны өз қалтаңыздан шығарып) шетелге оқуға тапсыратын болсаңыз, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсырмауыңызға да болады.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: matematik.kz