ҰБТ-дан 125 балл жинаған түлекке сұрақ қойыңыздар (Сұрақ қабылдау аяқталды)

ҰБТ-дан 125 балл жинаған түлекке сұрақ қойыңыздар (Сұрақ қабылдау аяқталды)

Massaget.kz порталы қолданушыларға тағы да бір жаңа мүмкіндік ұсынып отыр. Осыдан біршама уақыт бұрын қолданушылар Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге байланысты сұрақтарын "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры Қали Сейілбекұлы Әбдиев мырзаға қойып, толық жауап алған болса, бүгіннен бастап, былтырғы жылы ҰБТ-дан 125 ұпайды қанжығасына байлаған Қамзаев Нұржанға сұрақ қоя алады.

Ол үшін порталымызға тіркеліп, төмендегі пікір білдіру алаңына өзіңізді толғандыратын сұрақтарды жазуыңызға болады. Қамзаев Нұржан қойылған әрбір сұраққа жеке жауап береді. Берілген жауапты поштаңызға келіп түсетін хабарламадан немесе осы жазбаның төменгі тұсындағы пікір білдіру алаңынан оқи аласыздар.  Сұрақ қабылдау 19 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Қамзаев Нұржан 1995 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Жанұясында 6 адам бар. 2013 жылы Атырау қаласында ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияны үздік бітіріп, ҰБТ нәтижесі бойынша 125 ұпай жинап, "Алтын Белгі" иегері атанған. Қазіргі уақытта Қазақстан-Британ техникалық университетінің I курс студенті.

Құрметті оқырмандар! Қамзаев Нұржанның жеке себептеріне байланысты онлайн-конференциямыздың аяқталғандығын жеткіземіз. Үш күн бойы оқырмандардың сұрақтарына жауап берген Нұржанға және сұрақ қойған оқырмандарға алғыс айта отырып, бар жақсылықтарды тілейміз.