- Негізгі бет
- ҰБТ 2014
- Кешенді тестілеуге қатысу...
Кешенді тестілеуге қатысу үшін не істеу керек?
Кешенді тестілеу екі жағдайда жүргізіледі. Біріншісі – колледжден ЖОО-ға түсу үшін, екіншісі – өту балын жинамаған немесе грантқа түсе алмаған жағдайда. Кешенді тестілеуге қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:
1) Өтініш;
2) Кәсіптік бастауыш немесе кәсіптік орта білім беру мекемесін бітіргендігі туралы аттестат немесе дипломның түпнұсқасы;
3) Тестілеуді өткізуге төлем ақы жөніндегі түбіртек (Қазақстан Республикасы Халық Банкісінің филиалдары немесе «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы). Әдетте құны 780 теңгені құрайды. Бірақ жыл сайын өзгеріс енгізілуі мүмкін;
4) 3х4 көлемді фотосурет - 2 дана;
5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады;
Осы аталған құжаттар талапкердің құжат тігетін папкасына салынады. Құжат тігетін папканың алдыңғы бетіне талапкердің ТЖК-сы мен аты-жөні, жоғарғы оң жақ бұрышына техникалық хатшының коды жазылады. Тестіні тапсырушы құжаттарын тапсырған соң, оған қабылданған құжаттардың тізбесі бар, техникалық хатшының қолы қойылған қолхат беріледі және ол өтініштер тіркейтін журналға қол қояды және рұқсаттама келесі күні берілетіндігі жөнінде хабарланады.
Өтініш бланкісінің толтырылу тәртібі
1-сектордағы жоғарғы бос торкөздерге көлденең бағытта талапкердің тегі баспа әріптерімен жазылады. Талапкердің тегіндегі әрбір әріптің астындағы торкөздегі көрсетілген әріптерге сәйкес дөңгелекшелер боялады;
Келесі 2 сектор да осы тәртіппен толтырылады. Егер талапкердің тегінде, атында, әкесінің атында «Ұ» әрпі кездессе, онда «е» әрпі боялады, ал «ъ» кездессе, онда «ь» боялады. Оны жөндеу мақсатында талапкердің тегі, аты, әкесінің аты талапкер туралы мәліметтерді өзгерту журналына енгізіледі;
4-секторда өтініштерді тіркеу журналына сәйкес ТЖК жазылады;
5-секторда талапкердің жынысына сәйкес дөңгелекше боялады;
6-секторда талапкер емтихан тапсыру тіліне сәйкес тілге – қазақ немесе орыс тіліне сәйкес дөңгелекшені бояйды;
7-секторда талапкердің жеке басын куәландыратын құжатына сәйкес дөңгелекше боялады;
8-секторда талапкердің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі жазылады және боялады. Паспорт нөмірін толтыру үшін алғашқы 7, ал жеке куәлік үшін барлық 9 баған түгел қолданылады. Басқа құжат болған жағдайда 8 сектор толтырылмайды;
9-секторда азаматтықтар анықтамалықтары бойынша талапкердің азаматтығына сәйкес дөңгелекшедегі сандар боялады;
10-секторда ұлттардың анықтамалықтары бойынша талапкердің ұлтына сәйкес дөңгелекшедегі сандар боялады;
11-секторда талапкер аяқтаған оқу орнына сәйкес үш дөңгелекшенің бірі боялады;
12-секторда облыстардың анықтамалықтарына сәйкес, талапкер бітірген оқу орны орналасқан облысты көрсететін екі қатарлы санға сәйкес дөңгелекшелер боялады;
13-секторда аудандар анықтамалықтарына сәйкес, талапкер бітірген оқу орны орналасқан ауданды көрсететін екі қатарлы санға сәйкес дөңгелекшелер боялады;
14-секторда оқу орындарының анықтамалықтарына сәйкес талапкер аяқтаған оқу орнының коды көрсетіледі;
15-секторда талапкердің оқу орнын аяқтаған жылының соңғы екі саны боялады;
16-секторда талапкердің туған жылының соңғы екі саны боялады;
17-секторға техникалық хатшы қол қояды;
18-секторға талапкер қол қояды;
19-сектор негізгі білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім туралы құжатты ұсынған кезде боялады;
20, 21-секторларды талапкердің деректерін өзгерту немесе өтініш бланкісін жою кезінде ғана техникалық хатшы толтырады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: azh.kz (өңделген)
Қ. Бүйенбай