Биылғы ҰБТ-да жеті түлек 125 балл жинады

Биылғы ҰБТ-да жеті түлек 125 балл жинады

2013 жылы өткізілген Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге 99 565 қазақстандық түлек қатысуға тілек білдірген. 68 316 оқушы қазақтілді мектептерден болса, 31 249 оқушы орыстілді мектеп түлектері болды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы. 

Оның ішінде биылғы жылы ҰБТ-та максималды 125 балды иеленген түлектердің саны - жетеу. Олар - Әйткенова Әсел (Екібастұз қаласы), Ысқақ Аида (Шымкент қаласы), Тоқтамыс Марғұлан (Алматы қаласы), Құспанғалиева Ботагөз (Алматы қаласы), Қамзаев Нұржан (Атырау қаласы), Сахтанов Ақ-Бөкен (Атырау қаласы), Құмарова Самал (Атырау қаласы).  

Естеріңізге салсақ, Қазақстандағы биылғы ҰБТ 3-9 маусым аралығында өткен болатын. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: news.mail.ru

Б. Қосмағамбет