Үшеу...

Үшеу...
жеке
блог

Астанадан кетіп бара жатып осы үш қызға көлдей бір блог арнаймын деп өз-өзіме серт бергем. Өйткені, бұл үшеу қазаққа, қазақ порталына жанашыр, адал, сенімді адамдар екенін көрсетті. Жә, бәрін басынан бастайын... Әлде суретке қарап-ақ әңгіме ауанының кім туралы екенін сезіп қойдыңыздар ма? )

Жақында Еуразия Ұлттық Университетінің журналистика және саясаттану факультетіне екі сабақ өткізген едік. Сол екі сабақта да бұл үш қыз бізге ұйымдастыру жағынан да, психологиялық тұрғыдан да үлкен көмек көрсетті. 

Кез келген кездесуде ыңғайсыз бір екі секундтық үзілістер болып тұрады. Сол кезде ендігі айтар ойыңды жинақтап алуың керек. Осындай бір ыңғайсыз үзілістерде осы үш қыз біздің психологиямызды көзімізден оқып, сөзімізді жалғап жіберді. Мәселен біз бүкіл группаға сұрақ қойғанда, ешкім үндемей тым-тырыс қалып қойған кездерде, бұлар сұраққа жауап беріп, сабақты іш пыстырарлықтай етіп өткізбеді. Бұл басқа студенттер белсенді болмады деген сөзім емес. Жалпы, не айтқым келгенін түсіндіңіздер ғой, иә? ))) 

Қатты риза болғаным-ай сонда. 

Айтпақшы, мен олардың кім екенін айтуды ұмытып барады екем. Олар – Есіл еркесі (Әйгерім Жаңабайқызы), Светлана Кожакулова, Айжан Қасымова. Үшеуі де Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері. 

Өте зерек, зерделі, алғыр, аңғарымпаздықтары үшін қуандым....

Жұптары жазылмай үшеуі бізді вокзалға да шығарып салуға келді. Жанашырлықтары үшін, Массагетке деген адалдықтары үшін осы блог арқылы үлкен рақмет айтқым келеді. 

Алтын қыз Светлана бізге проектордан слайд, видео көрсетуге көмектесіп отырды. Сабақтың мультимедиалық бөлігінің тізгінін ұстап, сабақ бойы Массагеттің біраз бетін ақтарып тастады. 

Айжанның ойлары ерек, өзгеше екен. Екі сабақта да өз пікірін белсенді түрде білдіріп отырды. 

Есіл еркесінен болашақта үлкен бір тұлға шығатынына сенемін. 

Массагет, осындай жанашырларың бар, қандай бақыттысың Embarassed