Өнертапқыштар май және сумен жұмыс жасайтын ерекше қозғалтқыш ойлап тапты

Өнертапқыштар май және сумен жұмыс жасайтын ерекше қозғалтқыш ойлап тапты

Миссури штатының екі өнертапқышы HydroICE (Hydro Internal Clean Engine) аталған ерекше қозғалтқыш ойлап тапты. Оның басты ерекшелігі ол бензин орнына қайнаған май және сумен жұмыс жасайды. Қозғалтқыш ток өндіретін генераторға жалғанған. Жаңа мотор екітактілі 31 куб.см көлеміндегі кәдімгі қозғалтқыш типінде құрастырылды. 

Жүйе былайша жұмыс жасайды. Күн коллекторлары майды 200-370 градусқа дейін ысытып, оны камераға құяды. Одан соң ол жерге судың бірнеше тамшылары құйылады. Контакт әсерінен су тамшылары дереу буға айналып, поршеньді қозғалысқа келтіреді. Одан әрі май мен су буы цилиндрден шығып, сепараторға түседі. Кейін оларды қайтадан пайдалануға жібереді. Осылайша цикл қайталанады.  

12

Қондырғының ПӘК-і 15%-ды құрайды. Қозғалтқыштың басты артықшылығы - кәдімгісіне қарағанда 4 есе арзан тұрады. 

45

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rtkorr.com, rtkorr.com

Б. Қосмағамбет