Экс-сенатор Нөгербеков Есеп комитетінің мүшесі болды

Серік Нөгербеков Есеп комитеті мүшесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нөгербектовті Есеп комитетіне мүше ету туралы шешімді Мәжіліс депутатары төменгі палатаның кеңейтілген отырысында қабылдады.

Бұған дейін Серік Нөгербеков сенаторлық қызметті атқарған. Ол жоғарғы палатаның депутаттығына Мемлекет басшысының бұйрығымен тағайындалған еді.

Нөгербеков сенаторлықтан биыл тамызда кетті.