Туған өлкемнің табиғаты

Туған өлкемнің табиғаты
жеке
блог

Өзімнің туған өлкемнің табиғаты өзіме қатты ұнайды. Бұл өлкем Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы жерінде орналасқан және бұл табиғатпен танысуға шақырамын. Елдегі әртүрлі аудандар болса да, менің ауданымның табиғатында шек жоқ. Өз өлкемнің табиғаты әртүрлі құнарлы жерлерге бай. Бізден суда ағады. Бұлақта бар, сарқырама да бар. Туған өлкемнің табиғатымен жақынырақ таныса өтсек.

Бірінші кезекте, қасымызда қарғалы өзені бар өте керемет таза су, себебі су қорғанынан келетін су болса, онда бізге бірінші болып келеді.Қаланың түкпірінен адамдар келіп, демалып, рахаттанып ауа райы керемет деңгейге балап кетеді. Жастарымыз жаз шықты ма, су дағасында демалыс ұйымдастырады. Қуырдақ, кәуәп сынды дәмді тағамдарды пісіреді.Су қорғаны жұмыс жасайды. Ол жақта керемет бірінен бірі асатын балықтарды өсіреді. Бірақ оны аулауға тыйым салынған. Бұл біздің табиғатымыздың кереметтілігің көрсетпейме, балықтарды өсіретін өз орындары бар, және оны сатуға болады. Ауылдың жан-жағы шөбі шүйгін жерлер керемет ауасы таза жер, бұл жерде аунап-қунап өстік.

Екінші кезекте, ауданымызда сарқырама жұмыс жасайды.Бұл Ащылсай ауылының маныңда орналасқан оның дәл осылай, жыл сайын ағып, керемет деңгейін ұстап тұрады.Иә бұл жаққа алыстан келіп, табиғатына тамсанатындар көп, қарғалы ауданыңа үлкен жобалар керек. Себебі, дәл осындай ауа тазалығымен әртүрлі су қорғандарына бай қарғалы ауданыңда жаңа жобаларға жол ашылуы тиіс, керемет жобалар жасалса қарғалы нағыз туристердің ағылатыны жері болатыны анық. Және әртүрлі егістік алқаптары бар, оларды күтіп баптаса, керемет дәнді-дақылдар алуға болады. Бір жағынан жастарымыз жаз бойы жұмыс жасағысы келсе, жақсылап ақшасын табуға болады. Бұл дегеніміз жастарымызға өз ақшасын, өзі тауып, ақшаның қадірін түсінуге көмектеседі.

Ой түйіндесек, мамандар бұл жерді кіші Швейцария деп атайды. Себебі, керемет табиғатымен мақтануға тұратын жер.Туған өлкемнің табиғаты шексіз, қарасан көзін тоймайды. Әрқашан керемет табиғаттың сәні кетпесін. Бір жағынан әртүрлі туристік базалар ашуға болатын жер деп санаймын. Егер керемет жұмыс болса мемлекет бұдан шығының көрмейді. Керсінше пайдасын жақсылап көреді. Біраз туристерді тартуға болады.