Адам ба, робот па?

2015 жылы өткен World of Dance би жарысында Дитто атты биші қыз көрерменнің көзайымына айналды. Ол "таттинг" стилінде би билеген. Аталған стильдің ережесі бойынша, бишілер геометриялық пішіндер құрап, роботтардың қимылын салады. Дитто басында қарапайым көше бишілері сияқты әсер қалдырады. Ал одан кейінгі би қимылдарынан бишінің аса биік деңгейі байқалған. Бір сәтте қарсы алдыңда тұрған адам ба, робот па, аңғармай да қаласың. Өз денесін ерекше шеберлікпен басқара білген Дитто таңдай қақтырмай қоймайды. Видеодан көріңіздер.