Жапон оқушылары тақтаға сурет салудан жарыс ұйымдастырды

Басқа халықтардан жаңашылдығымен, асқан дарындылығымен ерекшеленетін жапон халқы төрткүл дүниені тамсандырудан ешқашан жалыққан емес. Жақында олар ешкімнің ойына келмеген өнер түрін ойлап тапты. Ол – тақтаға бормен сурет салу. Оқушылар демалысқа шығарда өздерінің бөлмелеріне қалаған суреттерін салып кетеді екен. Оны байқаған оқытушылар шәкірттерінің мұндай өнеріне шектеу қоймаған. Тіпті тақтаға сурет салудан мектепаралық жарыс өткізіп, өнерлі оқушыларды арнайы сыйлықтармен марапаттады. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға жапон балалары салған бір топ суретті ұсынып отырмыз.