Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатынан шет қалды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатынан шет қалды
Фото ©️ confederation.kz

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Кувейт астанасы Эль-Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатына қатысуда. Бүгін белгілі болғандай, 81 келіге дейінгі салмақта татамиге шығатын отандасымыз Әзиз Қалқаманұлы жарыстан шет қалды.

БӨЛІСУ

Ресми салмақ өлшеу кезінде Әзиз Қалқаманұлының салмағы 500 граммға артық шыққан. Нәтижесінде жарыс ережесіне сәйкес отандасымыз татамиге шығу мүмкіндігінен айырылып, қатысушылар тізіміне енбеді.

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы сапынан Елдос Жұмаханов пен Мариан Ордабаева қола жүлде еншілеген болатын. Бүгін Азия чемпионатының екінші күні де қазақстандық дзюдошылар жүлде үшін талас жүргізетін болады. Олардың қатарында ел сенім артып отырған Максим Раков пен Гүлжан Исанова да бар. Жарыс 15 мамыр күні командалық сынмен аяқталады. 

Ұқсас жазба

Кувейтте Елдос Жұмаханов пен Мариан Ордабаева қола жүлде еншіледі