Катар футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын қыста өткізетін болды

Футболдан 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионаты қыста өтетін болды. Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) ресми сайты хабарлап отыр.

Төрткүл дүние көз тігетін дүбірлі доп додасы қараша мен желтоқсан айларында өтетін болды. Әдетте, әлем чемпионаты жаз мезгілінде өтетіні баршаңызға белгілі. Бірақ, Катарда жаз мезгілі тым қатты ыстық болады. Тіпті Арабия түбегінің шығысында орналасқан елде ауа температурасы жаз мезгілінде +50 градуссқа дейін жетеді. Мұндай аптап ыстық әлем чемпионаты барысында футболшылардың денсаулығына қауіп төндіреді дейді мамандар. Сондықтан да ФИФА басшылары 2022 жылғы біріншілігін қысқа өткізу туралы тоқтамға келіпті. Ал финалы 18 желтоқсанға жоспарланған. Бір қызығы, әлем чемпионатының өту мерзімі де аз болайын деп тұр. 28 күнге созылатын әлем чемпионаты «мундиаль» тарихындағы қысқа мерзімде өткен алғашқы дода болмақ.

Әрине, қыста өткен әлем чемпионаты көп елдің футбол қауымдастығы үшін тиімді емес. Тіпті, Халықаралық Олимпиада комитетінің өзі бұл шешімді қолдап отырған жоқ. Осыған дейін әлем чемпионаты қыста өтетін болса, ХОК қысқы Олимпиаданы бір жыл кейінге шегерітіні туралы да айтқан болатын. Сонымен қатар, белгіленіп отырған мерзімде көптеген елдердің ішкі біріншілігі нағыз қызған шағына сәйкес келеді. Ал, бұл мәселерлердің барлығын шешу үшін ФИФА басшалары мамыр айында арнайы жиын өткізіп, барлық сұрақтарға нүкте қоятын болады.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалы Лусаил қаласында өтеді. Бір қызығы, шешуші ойын өтетін стадион түгіл, қаланың өзі енді салынып жатыр. Яғни, Лусаил қаласы әлі бой көтермеген. 

Сурет: sports.ru

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасы. «Атлетико» мен «Монако» ширек финалға шықты (видео)

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)

"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?

«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?