Марс ғаламшарына ұшу барысындағы дыбыстық жазба

Марс ғаламшарына ұшу барысындағы дыбыстық жазба
жеке
блог

Аса көрнекті дыбыстық жазба емес, бірақ ...

NASA Mars 2020 Perseverance  бортындағы марсоход микрофонға ғарыш кемесінің ғаламшараралық кеңістіктегі ұшу дыбысын жазды.Мамандардың айтуынша, шуылды дыбыс марсоходтың температурасын реттейтін сұйықтықты соратын сорғыдан шығады,сондай-ақ 60 секундтық бұл дыбыстық жазбаны даниялық DPA Microphones компаниясы өңдеген.

"Perseverance-ның оң жағының артқы бөлігінде орналасқан сорғы құрылғының жылу жүйесінің бір бөлігі болып табылады, тіпті,ол ең суық жерлерде де құрылғының жұмыс температурасын ұстап тұруға мүмкіндік береді", — делінген NASA хабарламасында.

Айта кеткен жөн, Perseverance Қызыл планетаға Ingenuity Mars ғарыштық тікұшағымен бірге жіберіледі.Олар Марс атмосферасына 2021 жылдың  18 ақпанында Мәскеу уақытымен 01:47-де кіріп (Нұр -Сұлтан  уақытымен 04:47), 410 секундтан кейін Джезеро кратеріне қонады.

Марстағы Perseverance-ның негізгі мақсаты-астробиология, оның ішінде ежелгі микробтық белгілерді іздеу, сонымен қатар,ғаламшардың геологиясы мен өткен климатын зерттеу.