Өлі сазды батпақ
жеке
блог

Өлі сазды батпақ

Өлі сазды батпақ  «Дедвлей» (Deadvlei)  Намибиядағы «Намиб Науклюфт» (Namib-Naukluft Park) паркіндегі әйгілі тұзды үстірті Соссусфлейде (Sossusvlei) орналасқан.Бұл жер әлемдегі ең биік құм төбелермен қоршалған, олардың биіктігі шамамен 300- 400 метрге дейін жетеді.Тіпті,бұл құм төбелердің «Үлкен әке» және «Есалаң құмды төбе» деген лақап аттары да бар.

Сазды үстірт Тсаучаб  (Tsauchab) өзенінде болған  нөсер жауын әсерінен сел тасқыны арқылы пайда болған. Шамамен 900 жыл бұрын қатты нөсерден  кейін  аймақ кеуіп, құм төбелер үстірттерге айналды және  өзеннің бұл аймаққа кіруін толығымен жауып тастады.

Қазіргі уақытта Дедвлей алқабы - танымал туристік аймақ. Ең қызығы мұнда  2000 жылы  басты рөлді Дженнифер Лопес сомдаған  «Кейдж» ,ал 2008 жылы « Гаджини»  фильмдері түсірілген.




Жұлдызды блогтар