Қар мұражайы

Қар мұражайы
жеке
блог

Қыс - табиғаттың ең әсем,ең көрікті жыл мезгілінің бірі.Өз қаһарына мінген аязды күндер,аяқ астындағы сықырлап жатқан  қар,айналаның түгел аппақ түске малынған көрінісі, аспаннан жауған ұлпаларға қарап тамсанатын сәттер, бәрі- бәрі керемет...

қар мұражайы,Накая Укитиро,қыс,қар ұлпасы

Қар мұражайы? Естуіңіз бар ма? Әлемнің қай түпкірінде қар мұражайы орналасуы мүмкін?

қар мұражайы,Накая Укитиро,қыс,қар ұлпасы

Көп уақытқа дейін ғалымдар қар ұлпаларын суретке түсіре де ,тіпті, микроскоппен жақыннан  көре де алмады.Тоқтаңыз.Сіз қар ұлпаларының бірі екіншісіне ұқсамайтынын естіп пе едіңіз?(қар мен қар ұлпалары туралы қызықты деректер) Арнайы қар ұлпаларының жиынтығына арналған бұл мұражай Жапония мемлекетінің Хоккайдо аралында орналасқан.

қар мұражайы,Накая Укитиро,қыс,қар ұлпасы

Накая Укитиро(1900-1962 жж)-мұражай негізін салушы және Жапонияның физика ғылымы саласына үлес қосқан ғалым.Ол 1933 жылдан бастап жасанды қар ұлпаларын зерттей жүріп,оларды жеті түрге бөлді және 3000-ға жуық қар ұлпаларының жинақтамасын жасады.Зертханалық жұмыстарында  мұз кристалдарынан жасанды қар жасап шығаруды мақсат етті.Көптеген материалдарды  сынақтан өткізе отырып,1935 жылы төменгі температураға арналған зертхананың негізін қалады.

Ондағы көрме залдарын аралап жүрсеңіз қар үңгірінде жүргендей ғажайып күй кешесіз.Ұлпа жинақтамасымен қатар,сурет көрме залы мен музыка залы да бар.Мұражай баспалдақтары алты қырлы ұлпаға ұқсатылып салынған.Ескеретін жайт,мұражай залдары салқын, сондықтан жылдың қай мезгілінде келсеңізде өзіңізбен бірге жылы киім алып жүргеніңіз жөн.

қар мұражайы,Накая Укитиро,қыс,қар ұлпасы

қар мұражайы,Накая Укитиро,қыс,қар ұлпасы