Еуропада тегін оқығын келеме?

Еуропада тегін оқығын келеме?
жеке
блог

Жырақтан білім іздесең...

Еуропада білім алғын келе ме? 

1993 жылы тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде  халықаралық стипендиялар тағайындалып, сол уақыттан бері көптеген қазақ жас­тары шетелдің озық оқу орындарында білім алып келе жатқаны белгілі. Осындай жастардың бірі Ақтаулық Назерке Абайқызы. « Stipendium Hungaricum » бағдарламасы арқылы 2019 жылы бойынша Еуропаның дәл ортасында орналасқан Венгрия еліне оқуға түскен. Қазіргі таңда, Дебрецен университетінде білім алып жатыр.

  - Бұл бағдарлама бойынша оқуға түсу үшін, ең алдымен ағылшын деңгейін көтеріп алу қажет. IELTS экзаменін тапсырып, мектептегі бағаларыңыз жақсы болуы тиіс. Жетістіктеріңіз болса тіпті жақсы. Менің жағдайымда, биология бағытында ғылыми жобалар бойынша жетістіктерге жеттім.  Жеткен жетістіктерім көп көмектесті деп айта аламын.

Өзім биология ғылымына қызығып оқимын, мұндағы 3 жылдық оқуымды аяқтағасын, магистратура деңгейі бойынша биотехнология оқып, микроағзалармен жұмыстанып, әртүрлі дәрі-дәрмек өндірістерімен айналысатын боламын,-дейді Назерке

Ұлан:  Алдағы уақытта елімізге тигізер үлесіңіз қандай болмақ? Жалпы жекешеленген мақсатыңыз қандай?

  Назерке:   Мақсатым-Қазақстан деңгейін ғылым жөнінде алдыңғы орындарға шығаруда кішкене болсын үлесімді қосқым келеді. Сол үшін де қазіргі таңда мектеп қабырғасында бізді биология ғылымына қызығушылығымызды арттырған мұғалімімізбен бірге  “Биология-Оңай” онлайн  курсын аштық. Онда біз оқушыларды ҰБТ-ға дайындап, тақырыптарды кеңінен ашып, визуалдап оқуға ыңғайластырып, түсінікті видеолар жасақтадық. Алдағы уақытта, шет елге түсуге мүмкіндік беретін SAT, IELTS сияқты экзамендерді де қарастыратын боламыз. Осы жолда мектеп оқушыларына көмегімізді, пайдамызды тигізсек, қазақтың барлық баласы Европада, Америкада білім ала алатын болады. Қазір оқушылардың барлығы ағылшын тілін жетік меңгерсе, мүмкіндіктері шексіз деп айтар едім. Оқу жолында түрлі қиындықтар кездеседі, шаршайсыз, ертеңге қалдыра бергіңіз келеді, бірақ бастапқы уақытта кішкене өзіңізді қамшылап жіберсеңіз, әрі қарай жұмыстану, іздену оңай болары анық.

Менің «Ұландық» достарыма айтар кеңесіңіз бар ма?

       Қазақ қандастарым, елімізді дамыған,білікті мемлекеттер қатарынан көру үшін, талмай оқиық. Ата-анамыздың қалтасына күш салмай, таза еңбектенейік! Елімізді бірге дамытайық!

 

    P/s:  Келер жылғы түлектерді Назеркемен бірге ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға шақырамын!