Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтті
жеке
блог
Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Лингвистика мамандығының магистранттары ғылыми тағылымдаманы Нидерланды мемлекеті, Лейден университетіндегі "Leiden Summer School in linguistics" жазғы мектебінде өтті. Айта кету керек, Лейден Университеті QS World University Rankings бойынша әлемдік 100 университеттің тізіміне енеді.
Оқу барысында магистранттар әлемнің түкпір-түкпірінен келген магистранттар мен докторанттармен танысып, мамандықтары бойынша ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие болды. Тағылымдама өтушілер арасында АҚШ-тағы Гарвард университетінің, Италия, Испания, Германия және Малайзия елдеріндегі ірі университеттерінің магистранттары мен докторанттары болды.
Алғашқы күні жазғы мектеп ұйымдастырушылары магистранттарға қарсы алу кешін ұйымдастырды. Сонымен қатар, жазғы мектеп магистранттарды бағдарлама файлымен, қала картасымен, қалалық мұражай мен кітапханаларға тегін билеттермен, күнделікті таңғы аспен қамтамасыз етті.
Өтілген жазғы мектеп дәрістері ауыз әдебиеті, ауыз әдебиетінің жазба әдебиетке ұласу кезеңдері және оны зерттеу әдістері жайлы болды. Лектор өзінің осы тақырып бойынша жазған диссертациясын жазу барысында тап болған қызықты оқиғалары мен мен зерттеуде қолданған әдістерін де қосымша баяндады.
Тағылымдама өткен қалашық - Лейден қалашығының сұлулығы, табиғаты және инфраструктурасы магистранттарды таң қалдырды. Лейден жүзден аса каналдар мен көпірлердің, мұражайлар мен түрлі түсті үйлердің, диірмендер мен гүл алқаптарының, қайықтар мен шағалалардың, бастысы, әрдайым көмекке дайын адамдардың мекені. Қалашықтың халық саны 200 000 адамды құрайды.
Осындай мүмкіндікке ие болғаны үшін магистранттар ҚР Білім және ғылым министрлігіне және жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедра меңгерушісі Мадиева Гүлмира Баянжановнаға ғылыми тағылымдамадан өтуге магистранттарды дайындағаны және қолдағаны үшін алғыстарын бідіреді.
ДУШАЕВА К.М.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері мамандыңының
2-курс магистранты
ЖЕТЕКШІСІ: УМАТОВА Ж.М.