«Жүректегі арманмен шыңға шығу жолында» атты концерті өтті

«Жүректегі арманмен шыңға шығу жолында» атты концерті өтті

«Жүректегі арманмен шыңға шығу жолында» атты ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаттарының концерті өтті.

2014 жылғы 11 қарашада Алматы қаласындағы Абай атындағы МАБАТ-та Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры лауреаттарының «Жүректегі арманмен шыңға шығу жолында» атты концерті өтті.

Іс-шараның мақсаты жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау, жастар арасында мәдениет пен өнерді дамытуға көмек көрсету, сондай-ақ әртістердің шығармашылығын жұршылыққа көрсету үшін жағдай жасау.

Президенттің Қоры қызмет ете бастағаннан бастап жүздеген жас дарындар қалыптасып дамуы кезінде сыйлықтар, гранттар, стипендиялар ретінде көмек алды. Қазақстанның шығармашыл жастарының өздерінің армандарына қол жеткізуіне, жаңа қырларын ашуына және болшақта өсіп-өркендеуіне үлкен мүмкіндік алады.

Есепті концерт жақсы дәстүрге айналды, көрермендер Қордың лауреаттарымен, өнерге берілген амбициялы жас дарындармен кездесті. Біреулері үлкен сахнада бірінші рет өнер көрсетті, ал кейбіреулері қазақстандық, сондай-ақ шетел көрермендерінің көңілін аулап үлгерді.

Концертке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі Әмір Бисенғалиев, Меир Байнеш, Толқын Забирова, Гауһар Тасбергенова, Игорь Благодарный, Али Окапов, Әлібек Альмадиев, «Кешyou» тобы, «The JIGITS», «Gaukhartas», «Шарапат» этно-рок тобы және басқалары қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаттары, сондай-ақ осындай айтулы кеште өз әріптестерін қолдауға келген қазақстан эстрадасының әртістері жұртшылық алдында тамша өнер көрсетті. Концерт дем арасында өтіп кетті, мазмұнды бағдарлама және дарынды орындаулар тыңдаушылардың көңілінен шықты. Шығармашылық кеш қала мен елдің мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.

Эстрада әншісі Толқын Забирова «Мен осы сахнада өнер көрсеткеніме қуаныштымын, мен өзім Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының лауреатымын, Қорға жас әртістердің жолын ашуға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіремін», – деді.

Концерттің шеңберінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының студенттік стипендиясын алу үшін өткізілген республикалық конкурстың Жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді, Қазақстанның барлық жерлерінен келген 80 студент стипендиялардың иегерлері болды.

Сурет: Тұңғыш Президент Қоры

Ф. Абилова