"Mars One" бағдарламасын білесіз бе?

 Қараңғы түсе далаға шығып, салқын ауамен тыныс алу жүйеңізді ашып жұлдызды аспанға зер салып қарасаңыз, қызылдау болып келген нүктедей ғана жұлдызға көзіңіз түседі.Бұл-аты әйгілі Марс  планетасы.Сыртқы қызғылт қабатына байланысты "қызыл планета" деген атқа ие болған бұл планетада да бір кездері Жердегідей тіршілк болған деген тұжырымға сену қиын...Бірақ ғалымдардың болжауынша, Жер сияқты гүлденген бұл планетаға метероит құлап, күллі тіршіліктің көзін жойған.Ендігі мәселе-біздің тіршілік етіп отырған ортақ үйіміз Жерді де дәл осы тәрізді апат күтуде дейді-мыс!..

 Адам баласының ой-өрісі дамыған сайын ғылыми-техникалық жетістіктер мен ашылулар да арта түсуде.Тіпті,ойға кіріп-шықпайтын түрлі бағдарламалар қолға алынып, табиғаттың құпиясын қазып жатыр.Сондай ірі жобалардың бірі 2010-жылы құрылған "Mars One" жобасы.Жобаның басқарушысы-Бас Лансдроп.Бұл жобаның басты мақсаты-Марсқа алғашқы адамдар толқынын жіберуді ұйымдастыру және адамдарды жаңа мекенге орнықтыру.

 4 адамнан тұратын алғашқы кеме 2026-жылы Марсқа жол тартпақ.Ең қызығы,экипаж мүшелерінің қатарына қосылуға кез-келген елдің 18-65 жас аралығындағы азаматтары өтініш білдіре алады.Әрине, ғылыми-техникалық біліктілігі болуы шарт.Экипаж мүшелерін іріктеу 4 тур бойынша жүзеге асырылады,іріктеуден өткен адамдар алдағы сапарға жан-жанқты дайындалады.Бірақ...Экипаж мүшелері бар кеме Жерге қайта оралмайды, әрі оның Марсқа аман-есен қонуына да ешкім кепілдік бермейтіні де сөзсіз!Болжам бойынша, 2035-жылы Марстағы адам саны 20-ға жуық болады.

 Қазірде  бұл жобаға қатысты әр түрлі  талас пікірлер бар.Өзімнің көзқарасыма келер болсам, бұл жобаны мүлдем құптамаймын.Себебі, кез-келген нәрсенің басы мен аяғы болады.Мәңгілік еш нәрсе жоқ!Бүгінде жайнап тұрған әлемнің "жарығы" да бір күндері сөнері хақ.Сол "жарық" сөнсе, оны жасанды жолмен жандырамыз деудің қажеті жоқ сияқты.

 Адам-өте қызық жаратылыс.Жануарлардан басты айырмашылығымыз-саналылығымызда болса керек.Ал сол сананың өзін Алла белгілі бір шекарамен жаратқан.Яғни біз,адамдар өзіміздің санамыздан тыс әрекеттер жасай алмаймыз, бірақ сол шекарадан асамыз деп тырмысамыз,нәтижесінде орны толмас апаттарға, Алланың қаhарына да ұшырауымыз мүмкін...



Бөлісу: