Геннадий Головкин Котто-Гил жекпе-жегін тамашалайды

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкин Котто-Гил жекпе-жегін тамашалайды
Фото ©️ vk.com

Бокстан WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин келешекте кездесуі мүмкін қарсыластарының бірі пуэрто-рикалық Мигель Коттоның жекпе-жегін арнайы барып тамашаламақ. Бұл туралы отандасымыздың промоутері Том Леффлер хабарлады.

БӨЛІСУ

Орта салмақта WBC чемпионы Мигель Котто 6 маусым күні австралиялық Дэниэл Гилге қарсы жұдырықтасуда өз атағын қорғайды. Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) ережесіне сәйкес жеңіске жеткен боксшы Геннадий Головкинге қарсылас атануы тиіс. Десе де пуэрто-рикалық боксшының промоутері Гэри Шоу келісімшарт бойынша австралиялық боксшы жеңіске жетсе, есе қайтару жекпе-жегі өтетінін мәлімдеді. Ал егер Мигель Котто есе қайтару жекпе-жегінен бас тартар болса, Дэниэл Гил қазақстандық боксшымен қайта кездесуі тиіс болады. Естеріңізде болса, GGG 2014 жылы австралиялықты нокаутпен жеңген болатын.

Айта кетейік, осыған дейін Мигель Котто Дэниэл Гилден кейін күзде Сауль Альвареспен жұдырықтасуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Егер Геннадий Головкинмен, немесе өзге боксшылармен кездесуді WBC міндеттесе, чемпиондық атақтан бас тартатынын да мәлімдеген-ді.