Мысықтардың құпия әлемі

Мысықтардың құпия әлемі
жеке
блог

Иттер адамға қызмет ететіні сезілсе, мысықтарда керісінше - адамдар оларға қызмет ететіндей көрінеді. Мысықтар иттерден көлемі бойынша әлдеқайда кішкентай болғаныменен олардың аса сезімталдығы таңқалдырады. Адамға жақын болып кеткен осы кішкентай жануар туралы жетік білемін деп ойласаңыз, қателесесіз. Себебі, олар туралы әлі күнге дейін көптеген дәлелденбеген деректер, тылсым оқиғалар жетіп артады. Сондықтан,  мысықтар туралы біліміңізді одан сайын артыра түскіңіз келсе, Герби Бреннанның «Таинственный мир кошек» (орг.The Mysterious World of Cats) кітабын ұсынғым келіп тұр.  Герби Бреннан - Ирландия елінің жазушысы. Жүзден аса көркем әдебиет пен публицистикалық туындылар авторы. Оның шығармашылығы әр түрлі жас арасында  оқырманын тауып, «Волшебные войны» (Faerie Wars) жасөспірімдерге арналған романы New York Times тізімінде бестселлер қатарына енген.

Енді «Мысықтардың құпия әлемі» (өз аудармам) кітабына оралсақ, бұл кітап жазулуына көптеген дереккөздер пайдаланылған. Кітапта мысықтың шығу тегі, тарихы, басқа елдердегі оларға деген қарым-қатынас және тағы сол секілды бүткіл мысыққа қатысты тақырыптардың көп бөлігі қамтылған. Сондықтан, осы мақаламда тансық болған бірнеше қызықты ақпараттармен бөлісе кетсем.

Ағайын-тума, туыстары көп қазақтарда болмайтын жағдай шығар. Ал еуропа елдерінде сирек болса да, орын алған ең бай мысықтар туралы. Америка жерінде жалғысбасты жесірдің үйіне кездейсоқ кірген мысық  жесір әйелдің жүрегінен орын табуы. Мысық – Тинкер бірден үй иесі Маргарет Лейнге  ұнап, үй жануары ретінде қолына алады. Мысықтан басқа туысы жоқ әйел – өмірінің соңында барлық жиған тергенін (226 мың доллар) мысық артына тастайды. Америка елінде жануарлар атына мүлік тастауға болмайды деген Итальядағыдай заң жоқ. Сондықтан осындай оқиға орын алған италья елінде тұратын Мария Ассунта, өз мүлкін күтушісі артына жазады. Жазғанда: қаржы-өзінің Томмазо атты мысық игілігіне жаратылуы тиіс деген шартпенен.  Бұл жаңалық таңқалдырмаса, жоғары қызметтерде орын алған мысықтарға тоқталайық. Жапонияда станция шығысын азайту мақсатыменен, станция басқарушы ретінде Тама деген мысықты тағайындайды. Оның тек қоректенетін асы болмаса, басқаға қаржы кетпегендігінен және жергілікті тұрғындар, тіпті, шет елден мысыққа қызығып келген туристтер келуіне септігін тигізіп, станция жабылуынан алып шығады және де табыс көзін арттырды.

Мен үшін тағы жаңадан болған ақпарат – қабыланның (леопард) табиғи ерекшелігі. Көбіне ойлаймыз, табиғатта ең жыртқыш мысық тұқымдас, аң патшасы – арыстан, не қорқынышты жолбарыс деп. Бірақ олардың қуаттылығы қабыланнан қалады. Пілдердің тобыры жолбарысқа төтеп берсе, бір қабылан шабуылынан тек  қашумен құтылуға тура келеді. Қабыландар жалғыз жүреді. Мысықтар секілді оларда көп уақытын ұйықтаумен өткізіп, түнде аңшылыққа шығады. Қабыландар дыбыссыз өте жақсы қозғалады, олардың жақындағанын адамдар да байқамай қалады. Олар өте жақсы жүзеді және алты метрге дейін секіреді, сағатына 50 км жүгіреді. Олар мысықтардан ерекшелігі - биік ағаш басынан жерге түсе алады. Өзінің салмағына тең жүкті ағаш басына дейін көтеріп алып шыға алады.Сондықтан қабылан кезіктіруден абай болыңыздар! Аман қалуыңыз екіталай.

Айта берсе осы секілді қызықты ақпараттар әр тараудан табылады. Мысық туралы мазалаған басқа да сұрағыңыз болса, кітапты оқып көріңіз, мүмкін жауабы табылып қалар және одан да көп ақпарат аларсыз.

p.s. суреттегі Ақтау қаласының дала мысығы =)