"Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс"
жеке
блог

"Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс"

29-қаңтар күні Шымкент қаласында Филология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің доценті, "Мұхтартану" ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, әдебиеттанушы, ғалым-Қалшабек Ақжол Батырұлының "Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс" атты еңбегінің тұсаукесері өтті.
Кітапта ғалымның қызмет жолында зерттеген еңбектері мен ғылыми баяндамалары, түрлі тақырыпта жазылған мақалалары жинақталған.
"Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс" атты туындысы-қазақи құндылықтарға, тарих пен төл әдебиетімізге негізделген.
Ақжол Батырұлы-1965 жылы қараша айының 30-ы жұлдызында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жоғарғы Сырлы қыстағында дүние есігін ашқан. 1992 жылы Шымкент педагогикалық институтының көркем сурет графика факультетін, 1998 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетін бітірген. Осы уақытқа дейін 30 шақты ғылыми мақалалары жарық көрді. Олардың қатарында: "Асқар феномені", "Ел, иман һәм жеке тұлға", " Профессор Мекемтас Мырзахметұлының ғылыми орбитасырдағы бес тарап" "Мархабат мәнзелдес мақамдар", " Модернизм мәнісі" "Әдебиеттану ғылымына кіріспе", "Деловой мир" атты мақалалары мен оқулықтары жарыққа шықты.