Әлемдегі ең мықты ұшқыр көлік

Ұшатын көліктер туралы бұған дейін де айтқан болатынбыз. Бірақ бүгін біз Словакияда құралып, South by Southwest фестивалінде таныстырылған ең мықты ұшқыр көлік туралы әңгімелемекпіз.

Бұл көліктер 2017 жылдан бастап жаппай сатылымға шығады. AeroMobil компаниясының бас директоры: "Ұшатын көліктерді жоғары деңгейде жасауға барлық мүмкіндігіміз бар", - дейді. 

Автокөлік кез-келген ыңғайлы жерден ұшып кете алады. Жылдамдық алу үшін 200 метр де жеткілікті. Оның салмағы 450 кг құрайды. Көлік екі адамға арнап жасалған. Алайда алдағы уақытта шеберлер 4-5 адамға арнап жасамақ. 

Сурет: aeromobil.com

Оқи отырыңыз:

Жарты миллион еуро тұратын полиция көлігі

Феррари жайында қызықты фактілер

2017 жылдан бастап шведтер жаппай жүргізушісіз көліктерге мінеді

iMove (Apple) электромобильдері 2020 жылға қарай шығады