Шоколад

Шоколад
жеке
блог

Британ жазушысы Джоанн Харрис - Ұлыбритания, Саут-Йоркшир графствосындағы Брансли қаласында дүниеге келген. Әкесінің ұлты - ағылшын, ал анасы франциялық болған. Сондықтан ол 15 жыл бойы Лидс қаласындағы ұлдарға арналған мектепте француз тілінен және Шеффилда университетінде француз әдебиетінен сабақ берген. Джоанның бірінші және екінші романы оған  «Шоколад» атты үшінші мистикалық мелодрамасы секілді танымалдық әкелмеді. Бұл роман «Санди Таймс» газетінде бірінші орынға шығып, «Мирамакс филмс» кинокомпаниясы фильм түсіру құқығын жеңіп алған. Фильмге әйгілі актер Джонни Деп түсіп, романның танымалдығы одан сайын арта түскен.

«Шоколад» романы жалғысбасты ана Вианн Рошенің La Céleste Praline (фр. Небесный миндаль) тәттілер сататын дүкен ашуынан басталады. Ол Ласкне-су-Танн қалашығына жаңадан көшіп келгеніне қарамастан, өз дүкені арқылы жергілікті тұрғындармен жақындаса түседі. Дүкен көпшілікке ұнағанымен, жергілікті дін қызметшісі Вианның жұмысына қарсы болады. Бұл тартыс қалай аяқталатыны қызықтырса, кітапты оқуға кеңес беремін.

Автордың сөзі бойынша, кітаптағы кейіпкерлер прототипі шын өмірде бар адамдардан алынған. Джоанн Харристің қызы-Вианның қызы Анукқа ұқсаса,  ал Вианн және де кітаптағы Арманданың қайсар мінезі Джоанның арғы әжесінен алынған.

Өз ойымды айтсам, кітап қатты ұнады. Қыстың салқын күндері, жылы жерде отырып оқитындар қатарына жатқызғым келеді. Басты кейіпкердің даналығы, ақылдығы кез келген адамды бейжай қалдырмайды. Келесі, маған ұнаған үзіндіні қалдырсам:

Я с легкостью читаю по их глазам и губам: этой, с затаенной горечью в чертах, придутся по вкусу мои пикантные апельсиновые трубочки; вон той, с милой улыбкой, — абрикосовые сердечки с мягкой начинкой; девушка с взлохмаченными волосами оценит по достоинству mendiants; а эта бодрая веселая женщина — бразильский орех в шоколаде. Для Гийома — вафли в шоколаде; он их аккуратно съест над блюдцем в своем опрятном холостяцком доме. Нарсисс любит трюфели с двойным содержанием шоколада, а это значит, что за его суровой внешностью кроется доброе сердце. Каролина Клэрмон сегодня вечером будет грезить о жженом ирисе и утром проснется голодной и раздраженной. А дети… Шоколадные шишечки, крендельки, пряники с золоченой окантовкой, марципаны в гнездышках из гофрированной бумаги, арахисовые леденцы, шоколадные гроздья, сухое печенье, наборы бесформенных вкусностей в коробочках на полкилограмма… Я продаю мечты, маленькие удовольствия, сладкие безвредные соблазны, низвергающие сонм святых в ворох орешков и нуги…

p.s.Автор және кітап туралы нақты деректер Википедиядан алынды. Cурет түсірген өзім, Белгород қаласындағы шоколад шеберханасы «Le Chocolatier»