жеке
блог

Шектеу

Жасандылықтан жалығып, көшедедегі орындықта ары-бері өткен көліктерге қарап отырдым. Жаныма самокатымен жүйткіп шамамен 3-сыныптың баласы келіп " Аға, біз өледі екенбіз ғой" дейді. Төбемнен салқын су құйғандай сілейдім де қалдым. Тез ойымды жинақтап " Жоқ, өлмейміз. Саған мұны кім айтты?" дедім. "Біз онда қайтыс боламыз ба?" деп қайта сұрады. Үндемедім. Құдай менің "Жалғыздығымды" жақтырмаған екен... сол үшін сізді сағынып ойымды айтқым келгені.

Мен бүгін сізге " махаббат " жайлы хат жазғым келеді.
Әйел затын ұнатпайтын едім, бұған себеп Лондонның ессіз жазушысы. Менің ғашық болғым келеді. Еркек біткен қыз десе қырындауға дайын тұрады. Осы қасиет менде жоқ. Тіпті жалаңаш әйел суретін көрсем құсқым келеді. Менің Р есімді досым бар. Жасы 18-ге жетпей төсек рахатын көргенін айтып, мәз болып мақтана сөйлегенде осындай опасыз еркек пен қыз затын ойлап жүрегім аурады. Құдды әлемді мен жаратқандай. Өзімді бақытты сезінгім келіп қадам жасамақ болдым. Жоқ "төсек" бақыты емес. Тағы да сұрқай ойлар ойыма оралып ішімнен тынамын. Құрметтім, сіз маған жауап жазарсыз деген ойдамын.

Суретші досыма

Сенің бояуларың мен менің жазған шығармаларым үндестік тауып жаңа бір дүниенің есігін аштық. Сонда айқұш-ұйқыш бояуларды шимайланған өлеңнің ұйқасына ұқсатып, жаңа жағылған бояудың исіне қанағаттанбай, темекені түтіндеттің ау. Бізді жұрт тым "Жас" санайды. Негізі біздің жанымыз акмэде тұр. Мейлі солай ойлай берсін. Бүкіл әлем сурет пен өлеңнің үндестігін бағзыдан-ақ білген. Қазіргі қоғамды біз қанағаттандырып жүрміз бе? Досым, мен өлеңді қойсам ба деп талай талпындым. Біз есалаңбыз. Жасағандарымызды тірі пендеге көрсетпедік. Шедеврлерді көрмей кететін біздің замандастарымыз қандай сорлы еді. Олар қанша білімді,ақылды болса да "жанның рахатын" сезінуден қалған. (Мүмкін рахат пен ләззат бір төсек деп ойлайтын шығар?) Есіңде ме, сурет салып тұрып маңдайыңнан ыршыған тер бүкіл тақтаны бүлдіріп еді, ал менің өкініштен өксігендегі жасым бар өлеңіме кесірін әкеліп еді. Құдай бізді қалай осындай қасиет беріп жаратты екен?



Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі