Балалық шаққа саяхат

Балалық шаққа саяхат
жеке
блог

          Есімді енді білген кезім, жасым шамамен екі жас аралығы. Біз Қарағандыдан ауылға келдік. Қоңыр түсті уаз көлігі. Мені әжем көліктен көтеріп алып шықты, үйге кіргізді шынымды айтсам ауылға қалай келгенімнің басқа жері есімде қалмағаны өкінішті. 
       Қостанай обылысы тарихта мәңгі аты қалған қасиетті Торғай өңірі. Міне менің балалық шағым нағыз осы күннен бастау алады, көп дүние есімде деп ауыз толтырып айта алмаймын бірақ біразы есімде күні бүгінге дейін елесімде бейнеленіп қалды. Бірақ ол күндер оралмайды, оралмасқа кетті. 
        Күнде таңертең ұйқыдан тұрамын, төр үйде дөңгелек үстел тұрады, әжем көкеме самаурынмен шай береді, мен орталарына келіп жайғасамын үстімде майка және іш киім сол тұрғанмен еркелеп келіп үстелге жайғасамын. Әжем жарығым деп еркелетіп шай береді, мен еркелеп отырып бәлішіме сары май жағып шайымды ішемін. Бір қызығы бетімді де, қолымды да жумай бірден үстелге келіп жайғасатыныма әлі күнге дейін күлімдеп еске аламын. Бұл дөңгелек үстел тұрған төр үйдің бейнесі мен үшін өте ыстық, себебі біраз балалық шағымның сағынышпен еске алатын бірден бір ыстық қайталанбас сәттері дәл осы дөңгелек үстелмен байланысты. Менің есімде қайнаған күннің ыстығына шомылған жаз мезгілі, есік алдында шөп жануарларға беретін азық болса керек, мен оның үстіне шығып алып, қызық көремін, секіріп, мініп өзімді әлдеқайда биік сезінемін. Бірақ үлкендерден естігенім бар, сол шөптің арасында жылан жүруі мүмкін деген, соны әрі ойлап, бері ойлап, ойыммен ойнап жүріп, жүрегіме сол жылмысқы жыланнан қорқыныш ұялап әлгіні қоя беретінмін. Ол кезде ұялы телефон, планшет, компьютер, ғаламтор дегендер тіптен болмайтын. Қайнаған ауыл тіршілігі, соған қарамастан уақыт тез өте шығады.  

     Ауылда. Күн ұясынан шыққан сәттен бастап ауылда қайнаған тіршілік басталады. Әркімнің өзінің жұмысы болады. Анам сиыр сауады, әжем сүттен қаймақ тартады, атам төрт түлік малды бағуға шығады, әкемде сол төрт түлік малдың ортасында, үй сыртында жүреді. Мен әжемнің қасында қаймақ тартқанын қызықтап отырамын, қолымда наным бар, арнайы қаймақ тартатын құрылғы болатын еді ақ түсті дәл ортасында дөңгеленген шеңбер тәрізді қақпасының тұмсығы бар, ең қызықтысы сол тұмсықтан бал қаймақ шығады, мен қолымдағы нанымды қойып қаймақтың аққанын күтіп отырамын. Ең қызықты сәт мен үшін осы болатын. Тартылған майлы сүттен бал қаймақтың ең алғашқы дәмін тататын мен едім шіркін. Дәмі тіл үйіреді, балалық шақтың ұмытылмас дәмі...

     жалғасы бар...