Әлде.. күз келді ме?!

Әлде.. күз келді ме?!
жеке
блог

Төбеңнен төніп тұрған қорғасын бұлт, көз жасын көлдетіп тұрып  ұзақ сілбілейтін жауын, бой жаздырмас ызғарлы суық әзірше білінбей тұр. Әйткенмен, ол келгелі иірілген жібі аз ғана қалған білтелі шамдай, шаршап-шалдығып, мазасыздануды шығардым. Айналама қараймын да, келмеске кеткен жандарды өздігімнен сағынып, аңсаймын.. Тіптен қайыңдардың өзі махаббатының қимай-қимай үзіліп түсіп, жерді еріксіз құшқанын, қайдағы бір әпенділердің аяғының астында тапталып жатқанын көріп, реңі қашып, солудың сәл-ақ алдында тұр. Қанша солғын тартып тұрса да, бояуы қанған табиғат, қыс түспей тұрып дәуренің құрып қалғысы келгендей, құлпырып тұр! Ал, мен әжемнің үйіне барып, кешірек пісетін жеміс-жидектерді сөлін ағызып, шиыра сырғытып күпті болып отырмын. Әжем байқұс жыл сайын осы мезгілде қозатын ауруларымен алысып әлек.Ауру бойын деңдеп алды ма, әлде қара суықтың ызғары өтіп кетті ме, баяғы жұқалтаң көйлекшелердің орнына жылы киімдерін киіп алып, ап-ақылды болып отыр.Ал атам әлденеге дайындалып жүргендей, отын-суын қамдап, қора-қопсысының ашық-тесігін бүтіндеп, жаз бойы мал-жанға жинаған шөбін алақ-жұлақ етіп жауын тимеудің қамын жасауда.. Неге екенін қайдам, бәз баяғы шыңылтыр күннің бетін ауық-ауық бұлт сүреңі басып алып жүр.

Бұл бұлттың өзімшілдігі ме, әлде..

 

 Ақгүл Айдарбекова