Туған өлке табиғаты

Туған өлке табиғаты
жеке
блог

Туған өлке табиғаты

Сарыарқаның әсемдігін көрдің бе?

Келбетіне тамсанатын ел күнде.

Солтүстіктің сұлулығын көрдің бе?

Жылуы бар таңда соғар желдің де.

 


Шығысымның ғажаптығын көрдің бе?

Жалықпас ем, түссе егер жол күнде.

Батысымның маң даласын көрдің бе?

Сезіміңді тербететін көл күнде.

 


Оңтүстіктің тамашасын көрдің бе?

Табиғатпен жасаратын ел бірге.

Қазағымның кең даласын көрдің бе?

Құдірет бар киесінде, көркінде.