Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира. ТІЛІМДІ ТЕСПЕЙДІ!

Мұхтар ШЕРІМ.  Бүгінгі сатира.

ТІЛІМДІ ТЕСПЕЙДІ!

Дейін:

–Бетіне айтам,

Билік деген сайтан!

Мен айтпаймын ғой,

Әшейін, жайдан,

Болашақ бар ма?

Әй, қайдам?

Кимейміз тақия,

Билікте бәрі мафия!

Әйелім солай ойлайды,

Сүйіктім Әсия!

Басымды кессе де,

Шалбарымды шешсе де.,

Ұстап алып,

Маңдайымды дрельмен,

Дырылдатып тессе де,

Шындық айтам,

Азанда да, кешке де,

Президент алдайды,

Үкімет арбайды,

Қайдағы Қазақстан?

Ескі әдет қалмайды,

Рулық, жершілдік,

Қазақты жалмайды,

Мына үкімет,

Ұзаққа бармайды,

Премьерің мешітте,

Садақа да салмайды,

Жегііштер,

Жалап, жалап, жалмайды...

О, халқым,

Арта берсін, даңқың!

Мәжіліс депутаты болғаннан кейін:

–Үкімет бәрін көреді,

Жоқ, жоқ дейтіндер,

«Скоро» өледі...

Мәжіліске жиналамыз,

Кедейлікке,

Әрине, қиналамыз,

Содан түс ауады,

Қабағыма қар жауады,

Жұрт тойлап жүр,

Ал депутаттар,

Тек сендерді ойлап жүр,

Дүние деген боқ екен,

Мына билікте мафияң,

Мүлде жоқ екен,

Тілімді ешкім кеспейді,

«Сондайсың» деп,

Шалбарымды шешпейді!

Дрель істемейді екен,

Тілімді менің теспейді!



Бөлісу: