10 тамыздан бастап мектепте оқулық беріле бастайды

Ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап 1-сынып оқушыларына 2015-2016 оқу жылдарына арналған оқу құралдары беріле бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлімдеді.

Департамет директорының айтуынша, оқулық үлестіру кезеңінің өзін арнайы кестеге сай жүргізбек екен. Яғни, 10 тамыздан бірінші сынып оқушыларына кітап берілсе, 11-інде 2,3-ші сыныптарға, ал 12 тамызда 4, 5-ші сыныптарға кітап таратылады деп жоспарланған. 18 тамыздан бастап 11-сынып балалары оқулықтармен қамтылады.