Өнер
жеке
блог

Өнер

                 Өнер

Өнер менің өмірім жан қалауым
Жан дүниемде жанып тұр алауым
Өшпейтін мәңгілекке жыр жазамын
Сиясы таусылмас дайын тұр қаламым

Ақын қызбын жаны мәңгі жаралы
Қиялынан жасап алар жараны
Өнер өнер көңілімнің қалауы
Мекенім болсын Ақындар аралы

Таласады талай жұрт сеніменен
Күресіп келем әліде сеніміммен
Жақсы көріп келемін сені өнер
Айырады айтшы кім мені сенен

Өнер үшін туғандаймын сеземін
Ақындықпен жазғандаймын сөз емін
Жаным менің сонда ғана тыншиды
Өнер үшін тас кешемін,төземін

Артық емес еш жерім өзгелерден 
Өз орнымды тапсам болды өнерден
Өнер тағдыр өнер мендік жол екен
Ұғасың мен жайлы осы өлеңнен

ЛӘЗЗАТ ТАЛАСБАЙ