Ақиық ақынға арнау

Өлеңменен тербеткен бір дəуірді
Қазағымның ерекше туған ұлы.
Арнадым мен толғауым мен мақтауымды
Паң ақынға Мұқағали ақын сынды.

Сен биіксің, асқар шыңдай дара тұлға,
Бар сезімді жырлауға жаратылған.
Санаусыз шəкірттерің бас иеді
Өзіңдей ұлы ақын жолын қуған.

Қалдырдың байлығыңды мұра қылып,
Есімің талай ғасыр тұрады нық.
Дүние астаң-кестең боп көшіп жатса,
Ақынның өлеңінің қалары анық.

Ақындар - тəңір берген қасиетім,
Ақындар жырлаған жұрт қасіретін.
"Ақын деген кім?" деп кенет сұрап қалса,
Шынында, бұл - күн, түгел бас иетін.

Тұрлаусыз өтіп кетер бұл өмір де,
Жан да жоқ қаяу қалмас көңілінде.
Өзіңдей асқар шыңдар жатқан кезде
Хақым да жоқ "ақынмын" деп есіруге.

 

09.02.18



Бөлісу: