Жазғы маникюрді бірге таңдайық

Жазғы маникюрді бірге таңдайық
Фото: blogspot.com

Міне, жаз да жақындап қалды. Аруларымыз қалың киімдерін артқы жәшікке салып, жазғы, жеңіл көйлектерін ризашылықпен алып шықты. Жазда тек киім емес, шашқа, қолға, тіпті, тырнаққа да аса назар аудару керек. Сондықтан сіздерге жазғы маникюр топтамасын ұсынамыз.

Жазғы трендке айналған көк түспен маникюр жасауға болады. Ол әрі сәнді, әрі "салмақты" түс болғандықтан, кез келген аруға ұнары сөзсіз.

Тағы бір трендті түстердің бірі - сары. Қазірде жастар арасында маникюрді бірден бірнеше түсте жасайтын болғандықтан, сарының қанық сарыдан лимон түсті реңктеріне дейін пайдаланып, бояуыңызға болады. 

Мына суреттегідей кемпірқосақ принті әлемде өте танымал болып келеді. Оны жасату да біраз уақытты талап етеді. Алайда нәтижесі көптеген арудың көңілінен шығары анық.

Жоғарыда көрсетілген үлгілерге қарасаңыз, жазда пісіп, жетілетін жемістердің принті пайдаланылған. Тәбетті аштыратын бұл маникюр жас қыздарға жарасады.

Әйгілі гүл принті жайлы біз жазғы трендке қатысты материалдарымызда жазған болатынбыз. Бірнеше жыл қатарынан салтанат құрып келе жатқан гүл принті енді маникюрге де жарап қалды.

Маникюрге осындай нәзік жасыл түсін таңдасаңыз, нағыз сәнді ару боларыңыз сөзсіз. Оған әртүрлі безендіру ойлап тауып, ерекшеленсеңіз де болады. 

Ұқсас жазба:

Оқу бітіру кешіне арналған маникюр

Ф. Абилова