Желтоқсан құрбандарына арнау

Буырқан қәне, Желтоқсан,

Орашы қарлы боранмен.

Қайраттың қайсар мінезін

Өзіңнен іздеп табам мен.

Желдетші қәне, Желтоқсан,

Желіңе жастар үн қосқан.

Еседі желмен Ләззаттың

Ерлігі жайлы жыр-дастан.

Мұздатшы қәне, Желтоқсан,

Мұзыңа нәзік гүл біткен.

Сәбира рухы мұз бетін,

Азаттығымен гүлдеткен.

Қаһарлан қәне, Желтоқсан,

Аязың басып жер бетін.

Қазағым енді елдігін,

Ешкімге қолдан бермесін.

Ызғарлан қәне, Желтоқсан,

Ерболдың аты өлмесін.

Жас кеткен жастың жалауын,

Желтоқсан желі тербесін.



Бөлісу: