Сезім

Сезім
жеке
блог

Ерте көктем гүлі боп егілмеген,

Жылулықты өзіңсіз сезінбегем.

Жүрегім қыста суық тоңып жатыр

 Сені ойлап талай түн көз  ілмегем.

Еске оралар  ерке бір қылықтарың,

Тұншықтырып сезімнің тұнықтарын.

Түн.Ай.Ару сырласып, жинастырғам

Жыр қаламмен  жүректің сынықтарын.

Сен мерген ер,мен болсам ару киік,

Жүрегіме атылды оқ,қатты тиіп.

Сезім құсы ұшқандай күзгі бақтан,

Жапырақ боп  үзілген  желді   сүйіп.