Жазылмаған Мелодрама!

Шиленісте,

Шимайланған байлауы.

Талқысында,

Қандай соттың жан-дауы.

Мүмкін,

Бұл да жын-перінің арбауы.

Адастырар

Ақ жолынан алдағы.

Қаңбақ тағдыр,

Шұңқыр, шұңғыл  жолда жүр.

Жазылмаған

Мелодрама бұл да бір.

Күлкі күйік,

Араласты жылауға.

Адам жанын

Алла берді сынауға.

Бір тағдырдың 

Әсері бар мыңдарға

Бір себептің 

Салдары бар жолдарда.



Бөлісу: