Желтоқсанда

 

Желтоқсанда  желді  ысқырық  әні  бар,

Желтоқсанда  көз  жасымның  мәні  бар:

Қыршын  кеткен  өрімдерге  жан  күйсе,

Желтоқсанда  қуаныштың  дәмі  бар.

 

Желтоқсанда  қандасымның  қаны  бар,

Ұлтым  деген  бейкүнәнің  жаны  бар.

Адамғұрлы  көрмеген  сол  батырдың

Желтоқсанда  ата-ананың  зары  бар.

 

Желтоқсанда  елін  сүйген  қамығар

Кескініңді  абыроймен  танып  ал.

Шырылдаумен  шындық  туын  көтерген

Болашаққа  Қайраттардың  қамы  бар.

(Шетел  жаққа мойын  бұрған  жігіттер,

Сөздерімді  ақылыңмен  қабыл  ал.

Қатын  десе  арланады  арыстан

Құлақ  емес  бойға  намыс  тағынар.

Елім деумен еміренер  ерлерім

Ел  алдына  бояусызда  танылар.

жандаусымды құлағыңа  тағып ал)

 

Желтоқсанда  нәзік  жандар табылар

Мұзға  сүйреп  иттер  балақ  қағынар.

Ләззаттар мен Сәбираның  жан даусын

Тәуелсіздік  ақ моншақ  қып  тағынар

 

Желтоқсанда  мұздақ  оты  жағылар,

Құрбандардың  әр  жүректе  тағы  (тақ) бар

жаңа  жылдан  бізде  ұлы  мереке

"Тәуелсіздік"  дейтін  үлкен  бағы!



Бөлісу: