Тәуелсіздік ақ таңы

Тәуелсіздік  ақ  таңы
жеке
блог

күнім - нұрлы, түнім жарық,

асыл  мамық  жастандық

жүрек  жылы, ойым  анық

рахмет, саған, Бостандық!

 

Көзім  ашық, санам  жарқын,

Болашаққа  сенім  нық.

Алшаң  бассам  білем  парқын

Қадірлеймін, Еркіндік!

 

Дінім  биік, тілім  құнды,

Болмысым  бар  қазақтық.

үнім  жарқын  бұлбұл  сынды

Қастерлеймін, Азаттық!

 

Ұлы-батыр, қызы - иба,

Ербол, Ләззат - керегем.

Бірлігімді  Аллам  қима

Менің  елім - Егемен!