Айтылмайды "біз" деген
жеке
блог

Айтылмайды "біз" деген

Енді мүлде айтылмайды "біз" деген

Қыс алдында бір күрсінді күзгі өлең

Арқама кеп отырмайсыз еркелеп

Құшақтаспай мен де жүрем сізбенен

Аспандап ек ай секілді шалқалап

Табанға кеп жығылғандай шартарап

Енді отырмын тұман ойда тарылып

Сіз кеттіңіз жарты əлемді арқалап

Тағдыр-терек түбін кескен тегі ұрыс

Реніш бар да көңіл күпті,кем ырыс

Екі бөлек жетпек болдық мəреге

Соның өзі-жеңіліс

Бабы келмей болдырды ма қарагер?

Асықтырма,дем алатын шама бер

Кезігер деп уайымдама,қосылмас

Біздің жолдар-паралель

Сезім-майдан малысақ та қанға мұң

Ертеңіне жасырады таң бəрін

Үміт жібін үзе бер біз жеңілдік

Көшеңнің сөндір шамдарын

Өтер өмір құмға салған ізбенен

Қыс алдында күңіренді күзгі өлең

Естеліктер еске түсіп тұрады ау

Бірақ мүлде айтылмайды "біз" деген!

(С) Абзал Алтый