Қарыз беру туралы бірер сөз

Біреуге қарыз беріп, оны уақытында қайтарып алу көбіміз үшін проблема. «Бұдан былай ешкімге қарыз бермеспін» деп ойлаймыз.

Қарыз берген дұрыс па, жоқ па?

Адамның күні адаммен, сондықтан, өте зәру адамға көмектесу керек. Алайда оны әдетке айналдырмаған дұрыс сияқты.

Егер бір ұжымда бірнеше адамға қарыз берсеңіз, сіздің жомарттығыңыз туралы әңгіме тез тарайды да, жұрттың бәрі сізді "банкир" ретінде қабылдауы мүмкін. «Ажарға беріпсің ғой, маған неге бермейсің?» деп те өкпелеуі ықтимал.

Кімдерге қарыз беруге болады?

Ең жақыныңа, онда да сұраған сомасын емес, аз мөлшерде ғана ұсынып, бұдан артық көмектесе алмайтыныңызды бірден айтқаныңыз абзал.

Қарыз алушы қарызын қайтармай жататын жағдайлар да кездеседі.

Біріншіден, мұның алдын алу үшін қолхат толтырған дұрыс.

Екіншіден, ақша уақытында қайтпаған жағдайда ол кісіге күнде қоңырау шалып, оның да, өзіңіздің де жүйкеңізді тоздырмаңыз. Оның орнына ол кісіні әлемдегі ең мейірімді адам ретінде елестетіңіз. Сөйтіп оған жылы, жақсы энергия жолдаңыз. Мұны жүйелі түрде бір апта, он күннің ішінде ерінбей уақыт бөліп жасап отырыңыз. Бумеранг заңына сәйкес ақшаңызды қайтарып аласыз.

Автор: Фариза Әбілова

Сурет: nativemobile.com

Оқи отырыңыз:

Уайымнан арылу жолдары

Күнделікті өмірге қажетті кеңестер

Табысқа жету жолында