Ұзату тойға тілек
жеке
блог

Ұзату тойға тілек

 

Құрбы едік бала кезден бірге өскен,

Уақыт шіркін зымырайды қыс-көктем.

Атаныпсың байқамай да қалыппын,

Жас қалыңдық, ұзатылған бойжеткен.

Ойлаған тынбай күні-түн,

Ақтадың ана үмітін

Шынайы сепкен сезімін,

Ақтадың әке сенімін.

Бүгін сондай ерекше де, ұлы күн,

Ашылған сәт нәзік раушан гүлінің.

Ажырамас мәңгілік махаббаттың белгісі

Құтты болсын жаным неке жүзігің.

Жүрегіме жақын адам, сырлас жан,

Қуанып та, кейде жылап мұңдасқан

Саған деген менің достық тілегім,

Соға берсін ғашық жүрек тынбастан.

Жанса егер ақ сезімнің алауы,

Сүйіп қалу тағдыр жазған заңдылық.

Адал болып жүрегіңнің қалауы,

Бақыт құсың болсын құрбым мәңгілік!

 

Алия ИМАНЖАНОВА,

24.10.2017

Сағат: 13:33.